Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жабайы базарлардан қашан құтыламыз?

c 17:04, 12/04/2019 c 750

0:00 / 0:00

Жабайы базарлардан қашан құтыламыз? Бұл орталық базардағы арнайы рұқсат етілген, санитарлық нормаға сай орындарда сауда жасап нәпақасын тауып жүргендердің жан айқайы. Күн жылынғалы бері орталық базар маңын ашық сауда орындарына айналдырып жібергендердің қарасы қалың. Сол себепті ашынған жеке кәсіпкерлер қалалық кәсіпкерлер бөліміне барып жабайы сауда орындарын жою туралы өтініш қалдырған. Бұл орындарға кенеше жабысып саудаларын қыздырғандар кетуге асығар емес. Кәсіпкер ретінде тіркеліп, салығын төлеп, емін-еркін сауда неге жасамасқа деген біздің сауалымызға олардың айтар сылтауы көп. Бірі жағдайым жоқ десе, енді бірі амалының жоқтығынан осы жерде азын-аулақ ет-сүтін базарға шығаратындығын айтады. Аяқ асты көтерілген шаң мен антисанитарияға қарап жатырған жан шамалы. Бәрі де қаптарын толтырып, іздегенін осы жерден тауып, әкетіп жатыр. Бір сөзбен айтқанда сауда қызып тұр. Қазір мұндай құбылыс қаланың барлық аудандарына ортақ мәселе. Оны қала тұрғындары да жоққа шығармайды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандарының сөзінше жабайы базар мен заңсыз сауда жасағандарға тосқауыл қою мақсатында алдағы уақытта жүйелі түрде жұмыс жүргізілмек. Ескертпелерге қарамағандарға әкімшілік кодекстің 204 бабы бойынша жазаланатын болады. Естеріңізге сала кетеміз 2025 жылға дейін барлық ашық базарлар кезең-кезеңімен жабық сауда орындарына айналатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.