Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Зенит» заводы қаржыландыруға мұқтаж

c 14:09, 20/05/2019 c 715

0:00 / 0:00

Жылына 5 кеме жасап шығаруға мүмкіндігі бар алып заводтың жағдайы мәз емес. Бұл туралы ҚР Парламенті сенаты депутаттарына завод директоры Вячеслав Валиев айтты. Айта кетсек бүгін БҚО ҚР Парламенті сенатының депутаттары келіп, өңірдегі ірі кәсіпорындарды аралап, Орал қаласындағы жұмысшы топпен кездескен еді. Осы кездесу барысында Зенит заводының бүгіні мен ертеңі туралы да сөз болды. БҚО келген Сенат депутаттары алдымен «Зенит» заводында болды.Депутаттар зауыттың тарихымен танысты. «Зенит» заводы Қазақстандағы кеме шығарушы жалғыз кәсіпорын .Бірақ оның өзі шатқаяқтап тұр. Кезінде 4 мыңдай адам жұмыс жасаған кәсіпорында қазір бар жоғы 800 адам еңбек етіп жатыр.Себебі мемлекеттік тапсырыс жоқ, тапсырыс болмағасын қаржы да бөлінбейді.Сол себепті мекеме басшылығы 100 адамды қысқартуға жіберген. «Егер жағдай түзелмесе тағы 200-300 адам қысқаруға ұшырайды»,- деп налиды завод директоры.
Заводттың ішін аралап шыққан депуттар бұл мәселені өз құлақтарымен естіді.Елге келіп, жұмысшы таптың жағдайымен т анысып жүрген депуттар осынша адамның қысқартуға ұшырағаның естіді. Енді бар үміт пен сенім үкімет басындағыларға артылып отыр.
Ел аралап жүрген депутаттар бұл мәселені үкімет сағатында көтеріп, бір шешімге келеміз деп уәде берді.Депутаттар бас сұққан екінші нысан БҚО Машина жасау компаниясында болды.Бұл жерде қазір 1000 -нан астам адам жұмыс жасап жатыр.Жұмысшылардың жалақысы уақытылы төленеді, барлық цехтар жұмыс істеп тұр.Орал қаласына келіп жұмысшылардың жағдайымен танысып, еңбек заңнамасының сақталуын қадағалап жүрген сенат депуттары барлық проблемаларды үкіметте көтеріп, тиісті шешімдер шығаруға ат салысатындықтарын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.