Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зеленов ауданына қарасты шаруа қожалығында ҚР-сы аумағына заңсыз кірген 8 шет ел азаматы ұсталды

c 00:00, 22/05/2015 c 725

0:00 / 0:00

Бұл туралы БҚО ІІД көші қон полиция басқармасының қызметкерлері мәлімдеуде."Нелигал" алдын алу іс шаралары барысында ағымдағы жылы 198 шет ел азаматы құрықталса, олардың 3-уі сот үкімімен өз елдеріне қайтарылды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде заңсыз еліміздің аумағын мекендегендерге 5 бап бойынша жаза қарастырылған. Қолданысқа енгізілген заңнамаларымыздың талабы бойынша Қазақстандық жұмыс берушінің 5 шетелдік азаматтың жұмыс күшін пайдалануына мүмкіндігі бар. Алайда шет ел азаматтары өз құжаттарын заңдастыруға міндетті. 2015 жылдың 4 айында көші қон полициясында 6 мың шет ел азаматтары тіркелген. Олардың басым бөлігі Өзбекстан және Қырғыстан азаматтары. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің заңына сәйкес республикамызды заңсыз мекендеген шетел азаматтарына 20 айылық есептік көрсеткіште айыппұл немесе 10 күнге қамауға және өз отанына қайтару сынды жазалар қолданылады. Дегенменде елімізде шет ел азаматтарынан келетін пайдамен қатар, олардан зардап та келуде. Дәлірек айтқанда өзбекстан азаматтарымен жасалатын қылмыстар да жоқ емес. Сондықтан ішкі істер органдары оларды әр дайым бақылауда ұсауға тырысып бағады. Тұрғындар тарапынан қолдау болса тіпті жақсы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.