Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР САНЫ АРТАДЫ

c 09:27, 28/12/2022 c 175

0:00 / 0:00

Елде зейнет жасына шыққандар саны артады. Себебі, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуныша, Қазақстанда жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнеткерлікке шықса, оның 50 пайызы әйелдер. Енді шамамен 150-160 мың адам зейнетке шығады дейді министр.

Үкіметте Әлеуметтік кодекс қаралды. Осы құжат аясында зейнетақы жүйесіне өзгерістер еніп отыр. Бүгінде елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар. 2028 жылдан бастап 2,5 миллионнан асатын болады. Себебі, 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып бекітілді. Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2024 жылдан бастап зейнетақы қорына аударатын жарнаға жұмыс беруші қосымша жарна аударатын болады. Бұл зейнетақы көлемін өсіру үшін жасалып отырған қадам.

Өздеріңізге мәлім, зейнетақы жинақтарын алу қағидаларына салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізілді. Министрдің айтуынша, белгіленген жеткіліктілік шегі салымшылар зейнетақы жинақтарын емдеуге және тұрғын үй сатып алуға алып қойған кезде ғана пайдаланылатын болады. Сондай-ақ, қалған зейнетақы жинақтарының 50 пайызын салымшылар активтерді басқарушы компанияны таңдау арқылы жеке басқаруға бере алады. Әлеуметтік кодекстегі тағы бір жаңашылдық -2025 жылдан бастап халықтың осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесі өзгереді.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап жұмыссыз қалған азамат 6 ай бойы жаңа жұмыс табылғанша бұрынғы табысының 45 пайызын алатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.