Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЗЕЙНЕТ ЖАСЫН ТӨМЕНДЕТСІН!»

c 11:54, 04/10/2021 c 672

Нұр-Сұлтанда әйелдер қауымы зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді талап етіп, наразылық шеруін өткізді.Өздеріңізгі мәлім, елде 2018 жылдан бастап ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Биыл нәзік жандар 60 жасытан бастап зейнетке шықса, 2027 жылы 63 жаста ғана зейнеткер атанады. Алайда, әйелдер қозғалысы үкіметтің бұл бастамасына қарсылық білдіріп отыр. Олар 50 жастан кейін жұмыс табу қиын деп шағымданды.

Наразы топ осылайша зейнет жасын төмендету туралы әнін де дайындап келген екен. Еңбек министрлігінің алдына жиналған әйелдер қауымы зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді талап етіп отыр. Олар 63 жасқа дейін зейнеткерлікке шығуды күтіп жүруге денсаулығымыз жарамайды дейді. 50 жастан кейін жұмыс табу да қиын. Бала туып, мемлекетке қызмет еткенімізді ескеруі тиіс деген талаптарын алға тартты.

Әйелдер шеруіне еті үйренген шенеуніктер наразы топты министрлік ғимаратына шақырып әлек болды. Еңбек министрінің өкілі аналардың талап-арызын қағазға түсіріп, басшылыққа жоладймыз дегеннен аасып, ештеңе айта алмады.

ШЫҢҒЫСБЕК СҰЛТАНБЕКҰЛЫ – ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ 

0:00 / 0:00

Шеруге шыққан аналар зейнет жасын төмендету туралы өтініштерін Президент әкімшілігіне, барлық құқырлы органдарға жолдағанын айтады. Әзірге жауап болмаған соң, алаңға шықтық деп отыр. Өздеріңізгі мәлім, Қазқастанда 2018 жылдан бастап ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы жүріп жатыр. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Биыл нәзік жандар 60 жастан бастап зейнетке шықса, 2027 жылы 63 жаста ғана зейнеткер атанады. Осылайша ерлермен иық тіреседі. Ал ер азаматтар үшін ештеңе өзгерген жоқ. Олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.