Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зауыт жұмысы қарқынды

c 18:06, 18/08/2020 c 447

0:00 / 0:00

Орал қаласында кейінгі жылдары жол құрылысы қарқын алды. Жол төсеміне жергілікті зауыттарда шығарылған асфальт қолданылады. Бүгінде облыс аумағында 12 асфальт-бетон зауыты жұмыс жасайды.Орал қаласында кейінгі жылдары жол құрылысы қарқын алды. Жол төсеміне жергілікті зауыттарда шығарылған асфальт қолданылады. Бүгінде облыс аумағында 12 асфальт-бетон зауыты жұмыс жасайды. Карантиндік шараларға қарамастан облыста құрылыс саласында атқарылған жұмыстарда кідіріс болған емес. Мәселен жол құрылысында атқарылып жатқан жұмыстар сапасын қадағалаушы мекемелерден бөлек тапсырыс берушілер де бақылап келеді. «Адал арна» ЖШС-ның асфальт-бетонды зауыты 2017 жылы іске қосылған еді. Зауыт толықтай авоматтандырылған. Басқару пультінде төрт оператор ауысыммен жұмыс жасайды. Германиялық өндірушілердің технологиясымен салынған зауытта сағатына 220-250 тонна көлемінде асфальт-бетон өндіріледі. Яғни жылына 220 мың тоннадан астам қоспа өндіріледі. Қазіргі зауытта 15 жұмысшы бар.Бұл зауыт өңірдегі ірі зауыттардың бірі саналады. Заманауи және сапасы жоғары саналатын өнім қала және облыстағы жолдардың құрылысына қолданылып келеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.