Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ЕКПЕ АЛДЫ

c 17:24, 29/07/2021 c 1386

0:00 / 0:00

Орал трансформатор зауыты-өңірдегі алдыңғы қатарлы ірі кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорын жұмысы экспортқа бағытталған. Өнімнің басым бөлігі шетелге шығады. Зауыт директорының айтуынша, ұжым 250 адамнан тұрады. Дүниені дүрбелеңге салған пандемия әлемді «коронавируспен күрес» деген бір мақсатқа біріктірді. Зауыт ұжымы да ортақ иммунитет қалыптастыру үшін екпе алуда. Бүгін вакцина қабылдаған азаматтардың қатарын 25 зауыт қызметкері толықтырды.

Ұжымның жастары екпе алуға құлықсыз секілді. Басым бөлігі вакцинаның кері әсерінен қорқады екен. Екпеден соң денсаулыққа зиян келеді деген ойларын жеткізді. Естеріңізге салсақ, екпе алмаған адамдар жұқпалы аурулар бөлімшелеріндегі барлық науқастардың 99 пайызын құрайды.

Жалпы ақ халаттылардан құралған жұмыс топтары облыстың барлық ірі кәсіпорындарына аяқтай барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Көпшілікті толғандырған екпе жайлы сұрақтарға медицина мамандары мен атқарушы органдардың басшылары жауап беруде..

Айта кетейік, Қазақстанда вакцинация ақпан айында басталды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.