Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заңнамадағы өзгеріс

c 09:04, 12/08/2019 c 967

0:00 / 0:00

Бұған дейін жүргізуші куәлігін беру полиция департаменті құзіретінде болса, қазір ол толық халыққа қызмет көрсету орталығының міндетіне өтті.
Бұрын темір тұлпар тақымдамақ болған талапкерлер автомектептен бастап, полиция департаментіне бірнеше сынақ тапсырса, қазір мұны автоцон арқылы бір-ақ күнде жүзеге асыруға болады. Тек болашақ шопырлардың білім-білігі сынаққа сақадай-сай болса болғаны. Десек те, шілде айында  жүргізу куәлігіне ие болуға өтінім берген 700 тұрғынның 600-і емтихан сүрініп үлгерген.

"Бүгінгі күні мамандандырылған Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы көлікті тіркеу мен оны есептен шығару қызметін атқаратын "Есеп операциялар бөлімін" облыстық әкімшілік полицияның құзіретіне қайта табыстады. Сонымен қатар, күтіліп отырған жаңа заңнама аясында автомектепте оқымаған талапкерлерге ғана 3 мәрте емтихан тапсыру мүмкіндігі берілмек. Ал, ақылы түрде емтихан тапсырушыларға мұндай шектеу қарастырылмайды", - дейді Орал қалалық амандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы Луиза Кусаинова.

Күз мезгілінде жүргізуші куәлігін алу туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Соның бірі талапкерлер автомектепте оқымай-ақ, емтиханға кіріп сынақтан құлаған жағдайда қайта тапсыруға 3 мәрте мүмкіндік жасалмақ. Қала тұрғыны Нұрлыбек Салықов бүгін таңмен автоцон мекемесіне келіп, бірден емтиханды сәтті тапсырып шықты. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 36-сына мүдірмей жауап берген Нұрлыбек енді тәжірибе емтиханын тапсыруға жолдама алды.
Бұдан бөлек, жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметінің электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл үшін көлік жүргізушісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Ал көліктерді тіркеу мен оны есептен шығару қызметі қайтадан Полиция Департаментінің құзыретіне берілуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.