Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заң бұзушылық анықталды

c 16:54, 08/10/2019 c 469

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі 2 мың бала жеткілікті түрде инклюзивті біліммен қамтылмай келген. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері мәлімдеп отыр. Құқық қорғаушылардың тексерісі барысында қам көңіл бүлдіршіндердің құқығы аяққа тапталғаны анықталған. Олқылықтардың дені білім беруге байланысты. Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге сабақ беретін 300 педагог біліктілігін арттыру курстарына бармаған. Сондай-ақ, дамуында ерекше сұранысқа ие оқушылармен жұмыстанатын кадр тапшылығы да тіркеліп отыр. Қам көңіл бүлдіршіндер оқып жатқан мектептердің қажеттілік бойынша жабдықталмағаны анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.