Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халықты жұмыспен қамту - басты міндет

c 17:24, 18/03/2021 c 579

0:00 / 0:00

Биыл Батыс Қазақстан облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға 11 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады. 2 млрд. теңгеден астам қаржы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталады. Оның негізгі мақсаты -жаңа жұмыс орындарын құру. Өткен жылы облыс тұрғындарына 1,2 млрд. теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілсе, оның 29,5 мыңнан астамы аз қамтылған көп балалы отбасыларға тиесілі болған. Биыл да бұл жоба жалғасын тауып, бағдарлама аясында өңірде жолдар салынып, түрлі нысандар бой көтеріп, екі қолға бір күрек таппай жүргендер жұмысқа тартылады. Яғни жүзеге асырылуы тиіс 18 жобаға мыңнан аса адам қатысады деп жоспарланып отыр.  Биыл "Бизнес Бастау" бағдарламасы бойынша 1200-ден астам адамды оқыту жоспарланып, олардың өз істерін ашуға мүмкіндік жасалмақ. Елдімекендер тұрғындары үшін қолжетімді несие сомасы 7 млн. теңгеге дейін болса, қала тұрғындары үшін жылдық 6% - дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен 19 млн. теңгеге дейін несие беріледі деп күтіліп отыр. 2020 жылы төтенше жағдай кезінде қиын жағдайда қалған отбасыларға 10 млрд. теңгеден астам қаражат төленіпті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.