Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ БАҒАСЫ

c 12:42, 21/03/2023 c 133

0:00 / 0:00

Қазақстандағы Парламент Мәжіліс мен маслихат депутаттарының сайлауын бақылаған халықаралық байқаушылар өз бағасын беріп жатыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы сайлауда ереже бұзылмағанын жариялады. Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Қазақстанда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауында әкімшілік кедергілер болғанын мәлімдеді.

Сайлау өткен соң, елдегі науқанды назарында ұстаған халықаралық байқаушылардың есебі жарияланады. Бұл қалыптасқан тәртіп. Алғашқы болып сайлауға қатысты Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясы өз есебін жариялады. Олар әдеттегідей сайлауда ереже бұзылмағанын айтты.

ГЕННАДИЙ СЕМИГИН - ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ МИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ «Көппартиялы Парламенттік жүйе орнап отыр. Бұл алға жасалған қадам деп ойлаймын. Парламент мүшелеріне келетін болсақ, олардың еңбек жолы, алға қойған күш-жігерлері маңызды болады деп санаймын. Біз сайлау кезінде ерекше құқық бұзуды аңғарған жоқ. Қорытындысы жарияланғаннан кейін тағы талдау жасалады деп ойлаймын».

Ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары дауыс беру барысында әкімшілік кедергілердің орын алғанын мәлімдеді.

ИРИНЕ ХАРАЛАМБЕС – ЕҚЫҰ ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Әкімшілік кедергілер сайлау науқанына кедергілер келтіруде. Әсіресе өзін-өзі ұсынған кандидаттарды тізімнен алып тастау кедергілері болды. Сыни репортаждардың аздығын атап өткім келеді. Сайлауға дайындық жақсы. Алайда әйелдер саны сайлау науқанында аз екенін байқадық. Олардың үлесі - 29 пайыз ғана. 20 пайызы - мажоритарлық жүйе бойынша кандидат болған. Келешекте олардың да саны артады деп сенемін»

Айта кету керек, сайлаудың алдын ала қортындысы бойынша әзірге алты саяси партия Парламент Мәжілісіне өтіп тұр. Бұған дейін үш партиялы парламент болса, енді олардың саны артты. Партия сайлаушылардың қанша пайыз дауысын жинаса, мәжіліске сонша депутатпен келеді. Өздеріңізге мәлім, билік партиясы "Amanat" 53 пайыздан астам дауысты қанжығалады. Яғни елуге жуық мандат аманаттық депутаттарға бұйырады. Қалғаны өзге партияларға жинаған дауысына қарай үлестіріліп беріледі. Бұл сайлауда сайлаушылардың келу легі айтарлықтай көп деп айта алмаймыз. ОСК мәліметінше, дауыс беруге құқылы 12 миллионнан астам сайлаушының жартысы келген. Егер өңірлер бойынша тоқталсақ, дауыс берушілер саны бойынша Алматы қаласы ең артта қалып отыр. Оңтүстік астана тұрғындары белсенділік танытпады. Мегаполис қалада дауыс бергендер көрсеткіші 25,82% құраса, елордасы- Астанада 42,91% көрсетті. Ал қалған өңірлерде 50 мен 60 пайыздың ар жақ бер жағы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.