Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚ КРЕДИТКЕ БЕЛШЕДЕН БАТТЫ

c 09:04, 23/12/2021 c 1675

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар кредитке белшеден батты. Тапқан табысы жетпей жатқандар, қажеттілігін тұтынушылық несие алып жауып жатыр. Тіпті несиеге тамақ сатып алып жатқандар бар. 2021 жылдың үш айында халықтың алған жалпы несие көлемі 9 трлн 600 млрд теңгені құраса, оның 58 пайызы тұтынушылық кредит дейді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. Мәжілісмен үкіметке жолдаған сауалында, бизнес жұмысшыларының жалақысын көтеруі тиіс деген ұсынысын айтты. Ал қымбаттап кеткен азық-түлік бағаларын реттейтін мемлекеттік органды бекітуді қажет дейді депутат Ғалым Әміреев.

Қазақстанда инфрақұрылымды, ел экономикасын дамытуға қаржы жетпей жатыр. Ол үшін шетелдік инвестиция тартылуда. Алайда, мұның бәрі қазақстандықтардың әл-ауқатына кері әсер етуде. Мәжілісмен Қоңыровтың дерегіне сүйенсек, Қазақстанда отбасы бюджетінің орташа тапшылығы 35 пайызды құрайды. Яғни тапқан табысы қажеттілігін толық жаппайды. Сол себепті, халық тұтынушылық несие алуға мәжбүр. Тіпті азық-түлікті несиеге алатындар да жоқ емес. 2021 жылдың үш айында халықтың алған жалпы несие көлемі 9 трлн 600 млрд теңгені құраса, оның 58 пайызы тұтынушылық кредит. Әр нәрсенің қайтарымы бар. Сол себепті Коммунистер үнемі мемлекеттен қолдау алып отырған бизнес жұмысшыларының жалақысын өсіруі тиіс деген талап қойды үкіметке.

АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Өкінішке орай, тұтынушылық несие алу көлемі тым өсіп кетті. Қазақстандықтардың кірісі қажеттілігін толық қамтымай отыр. Сол себепті несиеге батып жатыр. Біздің мемлекеттің негізгі міндеті –экономкианың нақыт секторын дамыту. Мемлекет үнемі бизнесті қолдап отыр. Енді бизнестің де жауап беретін уақыты келді. Бизнес жұмыскерлерінің жалақысын өсіру тиіс»

Өздеріңіз көріп отырғандай дүкен сөрелеріндегі, базарлар мен сауда орындарындағы азық түлік бағасы күйіп тұр. Әлеуметтік маңызы бар тамақ түрлері де шарықтап кеткен. Наннан бастап, етке дейін қымбаттады. Қазақстандықтардың айлығы күнелікті тамағынан аспай жатыр. Ал елде бағаны реттейтін орган жоқ. Құзырлы органдардың жауабы-бағаны нарық реттейді. Дегенмен депутаттар бұл жағдай осылай кете берсе, халықтың әл-ауқаты нашарлайды дейді. Үкіметке жолданған тағы бір сауал- азық-түлік бағаларын реттейтін меморганды бекіту сұралды.
Депутат Әміреев бір жылға арналған баға болжамы қажет, сонда ғана әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тізгіндей аламыз дейді.

Нұротандық депутаттар бұған дейін де азық-түлік тауарларының бағасына қатысты бірнеше рет мәселе көтерсек те, үкіметтен мардымды жауап болмады деп отыр. Жылдан жылға тұрақтандыру қорларын қаржыландыру ұлғайтылғанымен, басқару мен болжаудың бірыңғай орталығы, нақты жұмыс жоспары, жүйе жоқ дейді мәжілісмен Әміреев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.