Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық қалаулылары ел аралауда

c 15:43, 24/10/2018 c 590

Халық қалаулысы "Орал ақпараттық технологиялар колледжін" аралап, білім ошағының ұстаздар қауымымен жүздесті. Бұл колледж бүгінде 1000-нан астам жастарға арнаулы-орта білім беріп, өңірді құрылыс және автокөлік жөндеу саласындағы білікті мамандармен қамтып отыр. Келелі кездесу барысында білім ордасының жас мамандары депутатқа өз сауалдарын қойып, мәсеелерін де баяндады. Өзекті мәселе жатақхана жайы мен заманға сай құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі төңірегінде өрбіді. Кенес Әбсатиров ұжымның мәселесін тыңдап, біріге отырып жұмыс жасауды ұсынды.

Кеңес Әбсатиров ҚР мәжіліс депутаты:

-Жатақхана мәселесі мемлекет деңгейінде қаралып келеді.Еліміздің әр қаласында жастарға арнап жатақханалар салынуда. Орал қаласында 2019 жылы екі бірдей жатақхана салынады және Ақсай қаласында бір жатақхана салу жоспарлануда.Бұл тек бастамасы.

Кейіннен Кеңес Әбсатировтың сапары көру қабілеті бұзылған арнайы мектеп-интернатында жалғасты. Мектеп интернат мамандарының басты мәселесі ұстаздар жалақысының аздығы мен мектеп нысанының әбден ескіріп, тозғандығы.

Кеңес Әбсатиров ҚР мәжіліс депутаты:

-Мен әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі боламын.Білім саласындағы, денсаулық саласындағы барлық өзгерістер бізден өтеді. Әр жиында ұстаздарға арнайы әлеуметтік көмек беруді ұсынамын. Яғни,жылына бір рет Қазақстандағы кез-келген демалыс орнына екі бағытқа темір жол билетін тегін беру.

Жалпы, көру қабілеті бұзылған балалармен жұмыс жасайтын білімді де білікті мамандырдың аймақта тапшылығы да байқалады. Елімізде осы сала бойынша маман даярлайтын арнайы оқу орыны да жоқ көрінеді.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.