Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВТБ банк несие рәсімдеудің түрлерін ұсынады

c 16:50, 10/11/2021 c 1744

«Кез-келген деңгейдегі кәсіпкерлер әрі қарай даму үшін қосымша қаражат іздеу мәселесімен бетпе-бет келеді. Ақша айналымды ұлғайту, өнім желісін немесе қойманы кеңейту, жабдықты жөндеу немесе сатып алу және тағы басқалар үшін қажет болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл мәселелерді шешуге банк кредиттері көмектеседі. Бірақ сіздің мақсаттарыңызға сай келетін қарызды қалай таңдауға болады? Осы мәселемен біз мамандарға жүгіндік».

Айнұр Исмағұлова, ВТБ банк Орал қаласы филиалының директоры:

-«Шағын бизнесті дамытуға арналған кредитті банктің өз қаражатынан да, кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде де алуға болады. Соңғы нұсқа, әдетте, клиентке арзанға түседі, бірақ оның кемшілігі – бұл бәріне бірдей қолайлы емес – мемлекет экономиканың ең осал немесе әлеуметтік маңызды салаларына көмектесуге тырысады, сондықтан жеңілдетілген кредит бағдарламаларына қатысушылардың тізімін шектейді. Біздің банк қаржыландырудың осы және басқа да түрін ұсынады. Біздің арсеналда бизнеске арналған жеке кредит өнімдерінің 5-тен астам түрі, сондай-ақ 13 мемлекеттік бағдарламаның бірі аясында кредит алу мүмкіндігі бар»,-дейді.

«Бүгінгі таңда кәсіпкерлер арасында ең танымал «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы, оның шеңберінде жеңілдікпен кредит беру қарыз алушы үшін жылдық 6% (СЖТМ 6,1%-дан бастап) түпкілікті мөлшерлеме бойынша беріледі, бұл ретте бағдарламаға сауда мен жалға алудың кейбір түрлерінен басқа, экономиканың кез-келген саласы қатыса алады. ШОБ үшін кредиттер 3 негізгі түрге бөлінеді: айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға және овердрафтқа арналған қарыз».

Айнұр Исмағұлова, ВТБ банк Орал қаласы филиалының директоры:

- «Егер сізге бизнестің қаржылық процестерін қолдау үшін, мысалы: шикізат сатып алу, мердігерлермен есеп айырысу, салықтар немесе жалақы төлеу және т.б. үшін ақша қажет болса – айналым қаражатын толықтыруға кредит қолайлы. Әдетте ол орташа мерзімге беріледі, біздің банкте – бұл 3 жыл, 600 млн теңгеге дейінгі сомаға. Егер Сізге ірі сатып алулар жасау қажет болса – ғимарат, жабдық немесе техника сатып алу қажет болса – инвестициялық мақсаттарға арналған кредит қажет болады. Ол неғұрлым ұзақ мерзімге беріледі, біздің банкте 7 жылға беріледі және мұндай кредиттің сомасы көбірек болады, оның сомасы 900 млн. теңгеге дейін. Овердрафт сияқты өнім кассалық алшақтықты жабу қажет болғанда, яғни бизнестің ақшаға қысқа мерзімді қажеттіліктері болған жағдайда қолайлы. ВТБ-да овердрафтты ұлттық валютада да, ресей рублінде де 145 млн теңгеге дейінгі сомаға алуға болады»,-дейді.

Айнұр Исмағұлова, ВТБ банк Орал қаласы филиалының директоры:

-«Бизнесті кредиттеу туралы кеңесті Банктің Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 161 мекенжайы бойынша орналасқан филиалынан немесе 5050 ұялы телефоны бойынша алуға болады»,-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.