Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Володарка жолы екі жылдан кейін жөнделеді

c 16:39, 02/07/2021 c 823

Володарка ауылының кіреберіс жолына ескі асфальт төселе бастады. Осылайша тас жолдардың шұңқырларын бітеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетеміз, өткен аптадан бастап жергілікті тұрғындар өз есептерінен жол құрылысын бастағаны туралы видео әлеуметтік желілерге таралған болатын. Аптаның басында жергілікті әкімдік өкілдері Володарлықтардың мәселесі күн тәртібінен түспейтінін, алайда жол жөндеу жұмыстары алдағы бірер жылда ғана басталуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Енді тұрғындардың бастамасына қолдау білдірген шенділер тас жолдағы шұңқырларды ескі асфальтпен бітеуді бастап кетіпті. Бұл жұмыстарға қажетті техникалар да тартылған.Мұнымен мәселе толықтай шешілмек емес. Көпке мәлім, ескі материал жыртыққа жөнді жамау болмайды. Ауылға кірер 2 шақырым жолды жөндеу екі жылдан соң қолға алынбақ. Жоба дайын, енді қаржы көзі қарастырылуда. Алдағы жылы осы аудандағы Жайық ауылының жолы жөнделеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.