Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вокзал жұмысы

c 16:15, 15/05/2020 c 650

0:00 / 0:00

15-шы мамырдан бастап еліміздің вокзалдарында поездарға арналған билет сату басталды. Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, бірінші кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында 58 отарба маршруты өз жұмысын жандандырмақ. Оралға бірінші поезд маусымның бесі күні келмек.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, бірінші маусымнан бастап еліміздің аумағында темір жол желісі жұмысы жанданады. Комиссия бірінші кезеңде 58 маршруттың жүруіне рұқсат беріпті. 15-шы мамырдан бастап билет сатып алу ісі басталды. Оралға бірінші болып, "Алматы-Орал" бағытында қатынайтын №379- отарба келіп жетпек.

Вирустың таралмауы мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін вокзалда бірқатар жұмыстар атқарылыпты. Мамандар әсіресе, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет,- дейді. Осы талапты бұзбас үшін ғимаратқа тек бетперде киген 3-5 адамды ғана кезекпен жібіреді.

Он бесінші мамырдан бастап ел ішіндегі маршруттарға билет сатылымы басталды. Қазіргі таңда билет саудалайтын кассалар таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс жасап жатыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.