Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

c 18:03, 27/07/2021 c 1058

0:00 / 0:00

Бұл қала көшелеріндегі бейнебақылау камерасы. Өткен-кеткенді қырағы көзіне іліп алатын құрылғыға осы жолы бетіне бетперде киген азамат түсіп қалған. Бастапқыда жайбарақат алаңсыз жүріп келеді. Кейін есік алдында тұрған велосипедті сүйреп алып бара жатқаны байқалады. Оның бұл әрекетінің ұрлық екенін бірден аңғарып, күдіктену қиын. Белгілі болғандай видеодағы азамат бір күнде осындай жолмен сегіз велосипедті қолды қылыпты.
Күдікті орталық көшедегі, ауладағы тіпті есік алдындағы велосипедтерді тізгіндеп кетіп отырған. Кілтпен бұғатталып тұрғандарын сындырып алған. Погондылар күдіктіні бейнебақылау камерасы арқылы анықтапты. Бүгінде ұрланған заттар иелеріне қайтарылуда. Ұрыдан зардап шеккен жандардың бірі-Жанар ханым. Қызының велосипеді жоғалған бойда ол арыз жазып, қалалық ПБ келіпті.
Айта кету керек, күдікті қолды қылған шайтан арбаларды арзан бағаға сатуды кәсіп қылған. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Зардап шеккендердің арасында полицияға арыз түсірмегендер де болуы мүмкін дейді мамандар. Жалпы жыл басынан бері 70-ке жуық велосипед ұрланған екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.