Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

c 18:31, 20/12/2021 c 372

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Атамекен» өнер ордасында «Тәуелсіздік – ел рухы» атты мерекелік іс-шара өтті. ШАРА БАРЫСЫНДА Білім саласында қажырлы еңбек еткен ардагер-ұстаздар, саланың үздіктері марапатталды. Орал қаласы білім ұйымдары өнерпаздары концерттік бағдарламасын көрермендерге ұсынды.

Мерекелік шараға Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, сонымен қатар 1991 жылы дүниеге келген жастар қатысты. Қала басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, келер ұрпаққа егемен елімізді, кең байтақ даламызды, халықтың тату-тәтті тірлігін әр қарай аманат ету, даму қарқынын бағыттап берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында білім саласында жеткен табыстар мен бәсекеге қабілетті болудағы білім сапасының өзектілігіне тоқталды.

Салтанатты шарада Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бір топ сала өкілдері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Мерекелік марапаттар легі арнаулы аталымдармен жалғасты. Тәуелсіздік жылдарындағы білім саласының өркендеуіне үлес қосқан үздік мамандар «30 жыл үздіксіз басшы», «Тәуелсіздікте танылған тұлға», «30 жылдық белес», «Тәуелсіздік қыраны», «30 жылда 30 жеңіс», «Тәуелсіздіктің алтын бапкері» арнайы аталымдарын иеленіп, арнайы сыйлықтар табысталды.

Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.