Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұстаздар бас қосты

c 00:00, 20/03/2015 c 677

0:00 / 0:00

Бүгін қаламызда алғаш рет, еліміздің Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда облыстарының білім беру бөлімінің басшылары мен қала әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламентінің Мәжіліс Депутаты Елена Тарасенконың қатысуымен "Білім берудегі басшылық пен басқаруды модернизациялау-оқыту, оқыту мен тәрбие үдерісінің тиімділік негізі" тақырыбында форум өтті. Жиында білім беру жүйесіндегі орын алған жетістіктер мен көңіл аудартар мәселелер қызу талқыға салынып, аймақ педагогтары бір - бірімен тәжірибе алмасты. Форумға жиналушылар әуелі оқытушылардың қол жеткізген жетістіктері мен оқушылардың технологиямен астасқан өнер туындыларын тамашалап, кейін Қалалық білім беру бөлімі, Назарбаев зиятркерлік мектебі мен БҚО Ауғаныстан ардагерлер одағы ҚБ-гі арасында ынтымақтастық мемарандуымына қол қойылды. Форумның негізгі мақсаты - мектеп мен балабақша және мектептен тыс орталықтары басшыларының деңгейі, олардың деңгейін дамытуда қандай іс-әрекеттер қолға алу керек жағдайын егіздейді. Форумға жиналушылар әсерлі көңіл-күймен "Білім берудегі басшылық пен басқаруды модернизациялау-оқыту, оқыту мен тәрбие үдерісінің тиімділік негізі" тақырыбын қызу талқылауға кірісті. Орал қаласында 47 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасайтын болса, оның 5 мектеп-лицейі, 2 мектеп гимназиясы, кешкі мектептерде оқушылар білім алуда. Негізінен, білім берудегі ең басты тетік- білім мекемесінің басшысы екені сөзсіз. Сол арқылы барлық күшті қосылып, ұжымның алға итермелеуіне зор септігін тигізеді. Бүгінде бұл мектептердегі педагог кадрлардың сапалы құрамы білім саласындағы мекеме басшыларының ыждағаттылығының арқасында 46% құрап отыр. Ал, мектеп оқушыларының бағындырған асулары да жоқ емес. Жиын соңында халықаралық білім стандарттарына ілесу жәйі мен білім беру мекемлеріндегі басқаруды модернизациялауда ой қосар жаңа ұсыныстар тасталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.