Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

c 16:06, 01/03/2023 c 99

0:00 / 0:00

Облыстық «Мой Know how в обучении» байқауының талабына сәйкес ұстаздардың шеберлігі екі бөлім бойынша сыналды. Алғашқы кезеңде өзін-өзі таныстырған қатысушы театрландырылған сипатта шығармашылық пен креативтілікке мән бере отырып, ұлттық құндылыққа бағытталған тәрбиенің рөлін көрсетуі тиіс болды. Бұл өз кезегінде ұстаз бойындағы кәсіби шеберліктің деңгейін көрсетпек. Ал екінші кезең педагогтерге белсенді әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданудың тетігін ұсынды.

Әділ қазы алқасының бағалауынша, байқау қатысушылары еркін шығармашылық тақырыпта ой еркіндігіне ерік берген. Қазіргідей ақпараттық технология заманында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім нәрін әртараптандыру маңызға ие. Бұл тұрғыда үміткер ұстаздар ұсынған жұмыстар ерекшелігімен көзге түсті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда 15 қатысушы бағын сынады. Олар негізгі, жалпы орта білім беретін мектепте, лицей-гимназияларда қызмет атқаратын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері. Облыстық білім беруді дамыту орталығы сайыс дәстүрі бойынша ұстаздарға алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарын табыстады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.