Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұшақ ұшады

c 16:09, 18/05/2020 c 557

0:00 / 0:00

Оралда ұшақтар әуеге көтеріле бастады. Төтенше жағдайға байланысты екі айға жуық уақыт әуе рейстері жұмысын уақытша тоқтатқан еді. Совид 19 анықтамасы алып тасталғаны баршамызға аян. Алайда санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады. Ал жолаушы пойыздары 1 маусымнан бастап жұмысын жандандырмақ. Жолаушылар міндетті түрде медициналық маска, антисептикалық құралдарды өздерімен бірге алып жүруі тиіс. Сонымен қатар тіркелуге ұшақ ұшпастан екі сағат бұрын келуі қажет. Өйткені жолаушылардың дене қызулары тексеріліп кейін сапарға рұқсат береледі. Орал халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, бүгінде әуежайда санитарлық талаптар толықтай сақталған. Күніне бірнеше мәрте дезинфекциялық шаралар жүргізіледі. Сонымен қатар, әуе көлігіде сапарға шықпас бұрын сақтық шаралары жүргізіледі. Жолаушылардан қандай да бір ауру белгілері байқалса, бірден жедел жәрдем қызметі шақырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.