Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұрпақ тәрбиесі

c 17:39, 06/05/2020 c 732

0:00 / 0:00

Ертең, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні. Отаншыл намысшыл ұрпақты тәрбиелеу аға буынның парызы. Осы орайда түсірілім тобымыз Батыс қазақстан облысы Полиция департаменті жергілікті поиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының  инспекторларының бір күндік жұмыс барысымен танысып қайтты.

Полиция капитаны Самат Спашев тәртібі бойынша есепте тұрған балалармен бірнеше жылдан бері жұмыстанып келеді. Сабаққа келуден бас тартқан оқушылардың ата-аналарымен, оқушылармен жеке түсінік жұмыстарын жүргізеді. Аса жауапкершілікті талап ететін қызметте ең бастысы баламен сөйлесіп, оның мәселесін түсіну қажет дейді кейіпкеріміз. Осылайша бала тәртібін түзетіп, рухы асқақ Отаншыл ұрпақты өсіруге болады дейді.Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл мәселе үнемі көкейкесті болып қала береді. Мінезі қиын балалармен үнемі байланыста болудың негізінде құқықбұзушылықтың алдын алуға болады. Әрі ата-ана, бала және үкіметтік органдармен бірлесе жүргізген жұмыс қашанда жемісін берері сөзсіз. Осы орайда Самат Абатұлы туралы әріптестерінің пікірі ерекше. Өйткені баламен жұмыс жасау аса қамқорлық пен махаббатты және қызметіне деген адалдықты талап ететіні хақ. Қызығына қарағанда қиндығы басым құқық қорғау қызметкері тәртібі қиын балалар көп жағдайда болашақ мамандығын осы саламен байланыстыратынын атап өтті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.