Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұрлық түбі-қорлық!

c 17:05, 11/01/2019 c 622

2018 жылы қала аумағында 5000-ға жуық ұрлық дерегі тіркелген. Өзгенің мүлкіне көз алартқан қылмыскерлер көбінесе пәтер тонап, ұялы телефондарды қолды қылуды әдетке айналдырған. Полиция қызметкерлерінің келтірген дерегіне сәйкес шаһарымызда қылмыскерлер 875 пәтерді тонапты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда 4 пайызға көп екен. Пәтер ұрлығы демекші қала орталығында орналасқан үйді тонаған баукеспе 30 минуттың ішінде құрықталыпты. Оқиға 30-шы желтоқсанда болған. Баукеспе зәулім үйге пластикалық терезе арқылы түскен. Саусақ іздері арқылы құрықталған баукеспе 23 жаста екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.