Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰОС-ның ардагері, зейнеттегі подполковниг Сағызбай Серекешев 95 жаста

c 09:27, 01/08/2019 c 1252

Аймағымыздың Полиция Департаментінің қызметкерлері, ҰОС-ның ардагері, ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып, милиция подполковнигі шенімен зейнетке шыққан Сағызбай Серекешевтің 95 жас мерейтойымен құттықтады.

Сағызбай Серекешев 1925 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Мақат ауданында дүниеге келген. 1942 жылдың қыркүйек айында Ленинград әскери байланыс училищесіне оқуға жіберіліп, бір жылдан кейін Украина жерінде көптеген қала-ауылдарды азат етуге қатысады. Шайқастардың бірінде ауыр жарақат алып, елге оралған. Әсерлі сәт кезінде мерейтой иесі қатысушыларға көңіл аударып, қамқорлық танытқандары үшін алғысын білдірді.

"Сіздің ерең еңбегіңіз бен ғибратқа толы өмір жолыңыз бізге және өскелең ұрпаққа үлгі.Мерейлі жасыңыз құтты болсын . Отбасыңызға амандық пен жақсылық тілеймін. Аман болыңыз", - деді БҚО ПД-нің бастығы Махсудхан Аблазимов.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.