Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Uniserv Medical Center" орталығында жаңадан ота жасайтын бөлімше іске қосылды

c 17:45, 20/01/2022 c 2123

0:00 / 0:00

"Uniserv Medical Center" ота жасайтын хирургиялық бөлім ашылды. Қазіргі таңда білікті дәрігерлер заманауи құрылғылардың көмегімен ота жасауды бастаған. Күні кеше ғана гинекология саласы бойынша эндоскоппен алғашқы операция жасалды. Жаңашылдық клиникасының құрылтайшысы Нұрғазы Сәтбаевтың идеясымен жүзеге асыпты. Медициналық орталықтағы жаңашылдық турасында толығырақ келесі сюжетте.

Орал қаласында орналасқан "Uniserv Medical Center" орталығында ота жасау бөлімшесі мен хирургиялық стационар ашылды. Бұл жаңашылдық түрлі дертке шалдыққан науқастарға дер кезінде кәсіби медициналық көмек алуға жол ашады. Сала мамандары "Uniserv Medical Center"  орталығы заманауи құрылғылармен жабдықталғанын айтады. Қазіргі таңда дәрігерлер урология, гинекология, тамырға ота жасайтын мүмкіндікке ие.

"Uniserv Medical Center" орталығы соңғы үлгідегі құрылғылардың арқасында ота кезінде тілік жасамайды. Ауырған органға эндоскоп арқылы жетеді.

"Uniserv Medical Center" орталығы 2019 жылы ашылды. Қазіргі таңда клиникада 1200 астам медициналық қызмет алуға болады. Орталықта 200-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды. Өткен жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша жұмыстанады. Замануи оталарды МӘМС арқылы тегін және ақылы негізде жасатуға болады. "Uniserv Medical Center" орталығы Орал қаласы Шолохов көшесі 36 мекенжайында орналасқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.