Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"UNISERV MEDICAL CENTER" 5 медициналық пункті ашты

c 17:30, 16/02/2022 c 465

0:00 / 0:00

"UNISERV MEDICAL CENTER" Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ ғимараттарында бес медициналық пункт ашты. Студент жастар мен оқытушы құрамның медициналық көмек алуы  "UNISERV MEDICAL CENTER" орталығының бас директоры Нұрғазы Сәтбаевтың мұрындық болуымен іске асуда. Компания өкілдері "ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген қағиданы берік ұстанады.

Орал қаласында 2019 жылы ашылған "UNISERV MEDICAL CENTER" Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде медициналық пунктер ашты. Университет қабырғасындағы жаңа орталықтар барлық қажетті құралмен жабдықталған. Қазірдің өзінде денсаулығына шағымданып келген студенттер мен оқушылар құрамына қызмет көрсетуге дайын.

Осындай медициналық пункттерінің бірі -Сарайшық 34 мекенжайында ашылды. Салтанатты жиында сөз алған университет ректоры Нұрлан Серғалиев жастарға арналған игі шараның маңыздылығына тоқталып, медициналық пункт ашып жатқан "UNISERV MEDICAL CENTER" алғысын жеткізді.

Облыс орталығында 2019 жылдан бастап жұмыс істейтін  "UNISERV MEDICAL CENTER" студенттер мен оқытушыларға арналған медициналық пукнттерді өзге университеттер қабырғасынан ашуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.