Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық компаниялар есеп берді

c 18:13, 12/04/2021 c 382

0:00 / 0:00

Облыс әкімі ұлттық компаниялардың филиалдарымен кездесіп, өткен жылы атқарған жұмыстарымен танысты. Жиында аймақ басшысы компаниялардың біздің өңірде жұмыс жасап, инфраструктураны пайдалана отырып, салықты өзге өңірлерінде төлеп жатқанына шүйлікті. Әкім бұл мәселені бір жұманың ішінде шешуді тапсырды.

Ұлттық компаниялардың өкілдері өңірде атқарған жұмыстарын баяндап, жіпке тізді. Алғашқы боп сөз алғандардың бірі тұрғындарға көгілдір отын тасымалдап отырған "ҚазтрансгазАЙМАҚ" компаниясының басшысы. Биыл аталмыш компания 2021 РТШ Тайпақ жобасы мен Березин Қазталов жобаларын атқармақ. Тайпақта қосымша газ құбырын салмақшы. 55 елдімекенді газбен қамтамасыз етіп отырған газ құбыры өткен ғасырдың 70-ші жылдары мұнай тасымалдау үшін қолданысқа берілген. Кейін 2014 жылы газ тарату үшін "ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚТЫҢ" балансына табысталыпты.

Тайпақ құбырының жобасы бірнеше жылдан кейін өз мәресіне жетпек. Компания өкілдері инвестициялық жобалардың көп болуы тариф бағасына тікелей байланысты екенін айтады. Яғни, тариф қымбат болса, орындалатын жобалардың саны артады екен. Есеп берген компаниялардың бірі "Темір жол" кәсіпорны болды. Биыл олар "Алғабас-Аңқаты" станцияларын жөндемекші.

Жиынды қорытылаған облыс әкімі аймақта жұмыс жасап, экологияны ластап, инфраструктураны қолдана отырып, салықты басқа өңірде төлейтін компанияларды сынға алды. Ол осы олқылықты түзету үшін кәсіпорын иелеріне бір жұмадай уақыт берді. Қай компанияның өңір бюджетіне салық төлейтіні келесі тексерістен кейін белгілі болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.