Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық деңгейде қосымша карантин  енгізілсін

c 00:51, 18/06/2020 c 396

0:00 / 0:00

Ақжолдықтар елдегі қауіпті індетпен күрес ахуалы нашарлап бара жатқанын айтады. Партияның Парламенттегі фракциясы Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізуді ұсынды. Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекова  денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктердің коронавирусқа қарсы күресі, бюджеттен қыруар қаржы бөлінгеніне қарамастан, жеткілікті деңгейде іске аспай жатқанын айтады. Айта кету керек, қауіпті індет мәжіліске де жеткенді. Өткен аптада депутат Бекболат Тілеуханда коронавирус анықталып, ауруханаға түскен болса. Бүгінгі онлайн жалпы отырыс палата төрағасы Нұрлан Нығматулинсіз өтті. Спикер тапсырған тесте коронавирус анықталды.

Парламент Мәжілісінің бүгінгі онлайн отырысы төрағасыз өтті. Спикер Нұрлан Нығматулиннен коронавирус анықталды, бірақ ауру белгілері жоқ. Төраға  өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуге көшті.  Өздеріңізге мәлім, 22 маусымда Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын өткізу жоспарланған. Ал Нығматулинсіз өткен жалпы отырыста Ақжолдықтар елде қауіпті індеттің қарқындап бара жатқанын айтып, денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдердің жұмысын сынға алды.Депутат Қазбекова  коронавирусқа қарсы күреске  бюджеттен млрдтар бөлінгенімен, құзырлы органдар жеткілікті деңгейде жұмысын атқара алмай отыр деді.

Меруерт Қазбекова –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; "Халық денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда төсек-орын мен қорғаныш киімдері жеткілікті дегеніне сенбейді. Өйткені шенеуніктер статистикаға сүйенеді, ал адамдар сол проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Азаматтар коронавирус тестілерінің тапшылығына шағымдануда. Тіпті Нұр-Сұлтан қаласының өзінде тест тапсыру үшін кем дегенде екі күн бұрын кезекке тұру керек. Анализ нәтижесі де уақытында берілмейді. Кезек мәселесі Алматы, Шымкент, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы, Түркістан өңірлерінде де бар».

Елде төтенше жағдай режимі алынып тасталысымен адамдар арқаны кеңге салып, карантин талаптарын сақтамай кетті.  Көптеген қалаларда ауруханаларда орын тапшы болып жатыр. Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы үкіметтен ауру белгілері бар адамдарды ауруханаға жатқызу бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Тіпті қажет болса, шалғай ауылдардың тұрғындарын тестілеу үшін және ауруларды бос емханаларға эвакуациялау үшін санитарлық пойыз ұйымдастыру керек деді.Яғни ұлттық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізуді ұсынды.

Меруерт Қазбекова –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; "Халықты тестілермен қамтамасыз ету қажет, соның ішінде тұрмысы төмен азаматтарды тестен тегін өткізген жөн. Ұлттық деңгейде қосымша карантиндік шаралар енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз"

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 ,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Оның 9 600 астамы жазылып шықты. Өкінішке орай індеттен көз жұмғандар саны  88 жетті.  Еске сала кетейік, еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановтан қауіпті індет табылып, аруханаға түскенді. Бірқатар Парламент депутаттарынан да бұл вирус анықталды.Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтан да коронавирус анықталды.  Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қауіпті дерттен жазылып шықты. Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған  білім, ауыл шаруашылық, экология министрлері мен  Жамбыл облысының әкімі  де оқшауланды. Олардан тест теріс нәтиже көрсетті. Бұл лауазымды тұлғалар Біртановпен бірге Жамбылда іс сапарда болған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.