Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлттық банктің филиалы банкноттар туралы ақпарат берді

c 18:00, 09/12/2020 c 692

Қазіргі таңда қоғамда қағаз 200 теңгелік ақшаға байланысты түрлі сұрақтар туындап жатыр. Кәсіпкерлердің бірі осы 200 теңгені қабылдаса, енді бірі тек монета түріндегі ақшаны ғана алады екен. Осы орайда Ұлттық банк қызметкерлері 200 теңгелік банкноттардың да төлем құралы болып қала беретінін мәлімдеді.

Еліміздің реттеуші банкі 200 теңгенің монета түрін қолданысқа шығарғалы бері 200 теңгенің қағаз түріне байланысты түрлі сауал туындауда. Аталмыш қағаз банкнотаны қабылдамай жатқандары да бар. Сала мамандары 2006 жылы айналымға шыққан 200 теңгелік банкноттарды төлем құралы,- дейді. Аталмыш ақшаны айырбастап, түрлі төлем жасауға болады.

Ұлттық банктің қызметкерлері бұқара халықты толғандырған 2006 жылы шыққан 500 теңгемен 1000 теңгеге қатысты пікір білдірді. 2020 жылдың 11 маусымынан бастап, осыдан 14 жыл бұрын айналымға шыққан 500 теңге заңды төлем құралы болудан қалды. Қазіргі таңда қолында осы банкноталары бар азаматтар ескі валютасын жаңасына барлық екінші деңгейлі банктерге және Ұлттық банкке апарып, ауыстыра алады.

Ал, 2017 жылдан бастап заңды төлем құралы болудан қалған 2006 жылы айнылымға шыққан 1000 теңгелік банкнотаны тек "Ұлттық банк" ғана қабылдап, ауыстырады. Банкноттарға байланысты түрлі сұрақтарыңыз туындаса Ұлттық банктің мамандарына жолдай аласыз!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.