Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұлан -асыр той болмайды

c 21:14, 05/02/2021 c 647

0:00 / 0:00

Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.  Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  мерейтоды атап өтуде ұлан-асыр той болмайды, ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайына баса мән беріледі деді. Сондай-ақ, үкіметке халықтың жағдайын жақсартатын Әлеуметтік  кодекс әзірлеуді тапсырды. Осы жылы жастарды қолдауға басымдық берілмек.

Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 30 жыл. Ақорда ел тарихындағы елеулі мерекені атап өту барысын талқылады. Президент мерейтойды атап өту кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді деді. Тек елге пайдасы тиетін нақты істерді жасауды бұйрыды.  Экономика, әлеуметтік сала, білім, ғылым және басқа да бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатын болады.

Үкіметте Әлеуметтік кодекс дайындалып жатыр. Бұл құжат  азаматтардың, әсіресе, көмекке мұқтаж адамдардың сұранысын қамтитын болады. Яғни  әділетті мемлекет пен ашық қоғам құру туралы идеямызбен үндеседі", – деді Президент. Ал шенді-шекпендердің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын берік ұстануын тағы еске салды. Азаматтардың арыз-тілектеріне жедел жауап беру қажеттігін баса айтты. Тұғыры биік Тәуелсіздіктің мерейлі датасын атап өтуде, ел жастарын қолдауға көңіл бөлінбек. Бұл орайда "Тәуелсіздік ұрпақтары" атты біртұтас ұлттық жоба әзірлеу керек деді Тоқаев. Жастардың қолжетімді білім алуын қамту, әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері тұр. Өкінішке орай, қазірде қолына дипломын алған жастардың бірден жұмысқа орналасуы қиын. Тек аға-көкесі, таныс-тамыры барлардың жолы болып тұр. Қолы қысқа жанның жақсы жұмысқа тұра қоюы арман.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, латын әліпбиін енгізуді қолға алу шараларын да қамтыды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.