Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫНА «3» ДЕГЕН БАҒА БЕРІЛДІ

c 11:07, 22/10/2021 c 959

0:00 / 0:00

Қоғамда елдегі қымбатшылықпен күресе алмай отырған үкіметтің жұмысына сенімсіздік туып отыр. Сенаторлар «инфляция деңгейінің шарықтауына жол беріп отырған үкімет уәдесінде тұра алмай, қолынан іс келмесе, ауысқаны жөн»- деген пікірлерін алға тартты. Депутаттар бұл жайында Парламент Сенатының дәлізінде журналистер сұрағына жауабында айтқан еді.

Қоғамды алаңдатып отырған басты мәселе-қымбатшылық. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктен бастап, жанар-жағармай, өзге де тауар түрлеріне баға шарықтады. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта ет пен жұмыртқа, нан өнімдері,картоп, сәбіз, күнбағыс майының құны тағы да артады. Инфляция деңгейі 8,9 пайызды құрады. Азық-түлік инфляциясы 11,5 пайыз деңгейінде. Үкімет пен Ұлттық банк болса жаңа жылда инфляция дәлізін 4-6 пайызда ұстап тұратын боламыз деп мәлімдегенін білеміз. Бұл қаншалықты мүмкін? Шарықтаған баға қайта төмендейді дегенге сенесіз бе? Қымбатшылықпен күресе алмай отырған Мамин үкіметі отставкаға кетуі керек пе? Сенаторлар «қолынан келмесе үкіметтің ауысқаны жөн» дейді. Үкіметтің пандемия кезіндегі жұмысына «3» деген баға беріп отыр.

Депутаттардың айтуынша, биыл орын алған қуаңшылық соңғы 30 жылда болмаған жағдай. Мұның соңы егіннің аз шығуына, астық бағасының артуына әкеп соқты. Бұдан нан қымбаттап, халықтың қалтасын қағып отыр. Осыдан он жыл бұрын елде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 30 түрі болса, қазір бұл көрсеткіш 19-ға түскен. Ал көктемдегі картоп пен сәбіздің рекодтық бағасы орын алғанда, Қазақстанға әкелінген картоп импорты 67 есеге артты. Алайда, құзырлы министрлік басшылары бұл өнім жеткілікті деп сендірген еді. Кейін Бақыт Сұлтановтың көрші елге барып, картоп теріп кеткені де есімізде. Сенатор Күрішбаев мұндай жағдай дәнді-дақылдармен де орын алуы мүмкін дейді. Яғни шенеуніктердің сөзіне сенім жоқ. Жүйе дұрыс емес.

Әрине ел үкіметінің жұмысына көңілі толатын депутаттар да жоқ емес. Дәл қазір министрлер кабинетіне кінәрат тағып, отставкаға кетуін талап етуге негіз жоқ дейді олар. Енді бірі сұрақтан ат-тонын ала қашты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.