Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үкімет мүшелері Дарияндықтармен кездесті

c 13:47, 14/10/2019 c 595

0:00 / 0:00

БҚО-на іссапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік топ Дариян ауылына барды. Олар ауылдағы арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Əлеуметтік орталық биылғы жылдың маусымында ашылды. Онда стационарлық күтімге алынған 38 мүгедекке 8 бағытта көмек көрсетіледі. Орталықтан көмек алушыларға барлық жағдай жасалған. Оларды оңалту жолында медициналық көмектен бөлек, мәдени және спорттық шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.Одан кейін мəдениет үйінде Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбында жарияланған Жолдауы аясында жиын өтті. Тұрғындармен кездесуде ҚР еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АƏК жайында баяндады. Министрдің орынбасарының айтуынша, еліміздегі 400 мыңнан астам отбасы, яғни 2 миллиондай адам жаңа үлгідегі атаулы əлеуметтік көмек алады. "АƏК төленетін 1 млн. 300 мың баланың 60 пайызы - көп балалы отбасылар. Келесі жылы табыс көлеміне қарамай 4 немесе одан да көп баласы бар отбасыларға АƏК тағайындалмақ. Жиында тұрғындар сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев əлеуметтік салада атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде айтты. Биылғы тоғыз айда əлеуметтік салаға 146 млрд. теңге бағытталды. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда қаражат көлемі 9 есе көбейген. Тұрғындармен кездесуде министрдің орынбасары мəдениет, білім, денсаулық салалары жəне зейнетақы жүйесі, əлеуметтік төлемге қатысты басым бағыттарды баяндады. Облыс əкімі Ғали Есқалиев мемлекет басшысы жүктеген міндеттер орындалатынын, жиында көтерген тұрғындар мəселесі шешімін табатынын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.