Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТӨМЕНДЕТЕ АЛА МА?

c 09:18, 26/04/2023 c 94

0:00 / 0:00

Қазіргі үкіметтің алдындағы басты міндет-инфляция деңгейін төмендету. Ақпандағы жағдай бойынша елдегі инфляция 21,3 пайызды құрағаны мәлім. Министрлер кабинеті Президенттің тапсырмасын қалай жүзеге асырады? Қымбатшылықтан шаршаған халық тағы да баға өседі ме деп алаңдаулы. Үкіметтің бүгінгі отырысында инфляцияны төмендету үшін, отандық тауар түрлерін көбейту мәселесі талқыланды.

Қымбатшылық соңғы жылдың басты проблемасына айналды. Елдегі инфляция деңгейі 21,3 пайзыға бірақ шықты. Алайда, үкімет инфляциямен күресіп жатырмыз деуден шаршамайды. Бірақ нақты нәтиже көріп отырған жоқпыз. Инфляцияның шарықтауына азық-түлік бағасы басты себепкер болуда. Себебі, отандық өнім түрлері аз, импортқа тәуелділік бар. Ал импортпен келіп жатқан өнім түрлеріне баға күйіп тұр. Отандық өнім де баға жағынан қалыс қалып жатқан жоқ. Ұлттық экономика министрі қымбатшылықтың алдын алу үшін ең алдымен, елде инвестициялық жобалардың санын көбейту қажет. Сонымен бірге отандық өндірісті арттыру керек дейді. Яғни импортты қазақстандық өнімге алмастыру үшін қаржы құю қажет. Ендігі солтүстік өңірде сүт өнімдеріне инвестиция құйылып жатыр дейді бас экономист Қуантыров.

Үкімет отырысында министр әкімдермен , құзырлы орган басшыларымен инфляцияны төмендетуге қатысты жиі кездесулер өткізіп жатырмыз дегенді айтты. Алайда, сансыз кездесулер қымсбатшылықты жоюға себеп бола алмай отыр. Халық үкіметтің инфляциямен күрес жұмысын сезініп жатқан жоқ.

Өз кезегінде премьер-министр Смайылов ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жұмысын күшейту керек деді. Ол азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр деп сынады өңір басшыларын.

Смайлыов үкіметінің негізгі мақсаты – жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету. Ол үшін әкімдер мен құзырлы орган басшыларына ұйқысыз түндер, күлкісіз күндер өткізіп жұмыс істеуге тура келеді. Қымбатшылықпен күресе алмай отырған үкімет жыл соңында өз жұмысының нәтижесін көрсете алмаса жұмсақ орындарымен қоштасуы да мүмкін. Себебі, бұған дейін үкіметті қайта жасақтауға келісім берген Парламент Мәжілісі бұл үкіметке алты ай уақыт берген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.