Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үйсіз қалды

c 16:37, 30/10/2018 c 525

0:00 / 0:00

Кеше кешқұрым қаладағы Матросова 31 мекенжайындағы тұрғын үй отқа оранды. Тілсіз жау бір сағатта үйдің шатырын толықтай шарпып, төтеншеліктер өрт қауіпін сейілтуге бар күшін салғанмен  қызыл жауды құрықтай алмады. Ал пәтер иесі далада қалдым деп зар   жылап отыр.

Шамамен кешкі  4 жарымдар шамасында орын алған өрттің салдарынан  Татьяна Персилованың баспанасы толықтай өртеніп кетті. Сала мамандары аталмыш үйдің құрылыс материалдары ағаштан болғандықтан қызыл жалынның бетін қайтару мүмікін болмады дейді.  Қызл жалынмен күреске 10 техника мен 20 құтқарушы жұмылдырылған.

Өрттің аумағы 120 шаршы  метерді құраған. Аталмыш баспананың иесі Татьяна болса үйде өрт қауіпін тудыратын ешқандай тұрмыстық техниканың болмағынын айтады.

ТАТЬЯНА ПЕРСИЛОВА
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өрт шықпас бұрын, үйді тазалап алған болатынмын. Бір қарасам түтін пайда болды. Мен  көршілер монша жағып жатыр деп ойлаған едім. Бір қарасам өз үйімінің төбесі өртеніп жатыр екен. Төтеншеліктер үйді қалпына келтіру мүмкін емістігін айтты.  Қыс түскенде далада қалдым. Онымен қоса 90-ға жақындаған анам бар. Демікпемен аурады. Үйімді біртіндеп ақша жинап жөндеп алған едім. Енді қайда барарымды білмеймін. Көмек қолын созар адам болса екен деймін.

 

Сала мамандары жалын көзі қайдан тұтатанғанын анықтау мақсатында лабараториялық жұмыстардың жасалып жатқанын мәлімдеді. Деседе от электр сымдарының тұйықталуынан пайда болуы мүмкін екен. Ал Татянаға көмек берем деушілер болса 87074308460 байланыс телефондарына хабарласуға болады. Ал төтеншеліктер болса суық маусымның түсуіне байланысты жылыту құралдарын аса сақтықпен пайдалануға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.