Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үй шатырлары жөнделуде

c 17:41, 23/09/2021 c 1861

Оралдағы Гагарина көшесі 36/2 мекенжайындағы көп қабатты үй тұрғындары шатыр жөндеу жұмыстарының аяқсыз қалғанына наразылық танытуда. Тұрғынжай иелерінің сөзіне сенер болсақ, мамыр айында басталған құрылыс жұмыстарының бітер түрі жоқ. Пәтер иелерінің айтуыша, мердігер мекеме бастаған ісін аяқсыз қалдырған. Сіздер көріп отырған бұл бейнежазба осыдан бірнеше күн бұрын жауған жаңбыр кезінде түсіріліпті. Үйдің іші телегей теңіз. Ал шатырды жаңғырту жұмыстарына бөлінген қаражаттың құны- 38 млн. теңге көлемінде. Жөндеу шарасының қара суық түссе де аяқталар түрі жоқ.Жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырған құрылыс компаниясының өкілдері мемлекеттен бөлінген қаражаттың кешіктірілуі себепті межелі міндет орындалмай отырғанын айтады. Мамыр айында басталған жұмыстар тамызда толықтай аяқталуы тиіс еді. Мердігер мекеме ай соңына дейін шатыр толықтай жөнделеді деп сендірді. Айта кетейік, биыл қалада жаңғырту бағдарламасы бойынша 24 көпқабатты үйді жөндеу жоспарланған. 12 нысан бойынша жұмыстар аяқталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.