Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЫНЫМБАҚҚА 35 ТҮП ШЫРША ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

c 22:47, 08/09/2023 c 57

0:00 / 0:00

«Жасыл бульвар» аталатын С.Датұлы көшесіндегі тынымбақта қала тұрғындары мен қонақтары жиі серуен құрады. Жарықшамдар мен орындықтар демалыс орнының ажарын келтірсе, абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. Қала күні аясында 35 түп шырша отырғызылып отыр.

АЗАМАТ ХАЛЕЛОВ

ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

«Жасыл бульвар» тынымбағын абаттандыру жұмысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен шаһар басшысы Миржан Сатқанов, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар жергілікті тұрғындарды жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына атсалысуға шақырды.

МИРЖАН САТҚАНОВ

ҚАЛА ӘКМІ

Көктемде қала аумағында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылса, күзде оның санын 2 мыңға дейін арттыру көзделген. Шаһардың экологиялық мәселелеріне құлақ түріп жүрген тұрғындар абаттандыру жұмыстарының ұдайы жүргізілетініне дән риза. «Мұндай шаралар Оралдың «Жасыл қала» статусын сақтайды.», - дейді олар.

САТЫБАЛДЫ ҚҰСПАНОВ

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Ресейдің 3 метрлік шыршалары демеушілердің қаржысы есебінен алынған. Жоспар бойынша Жасыл бульварға 100 түп шырша егу жоспарланған. Бүгінде оның 60-тан астамы отырғызылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.