Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туысын ұялы телефон үшін өлтірген азамат 14 жылға сотталды

c 18:41, 25/04/2019 c 677

Батыс Қазақстан облысының 54 жасар тұрғыны ұялы телефон үшін туысын өлтіріп, 14 жылға сотталды. Қылмыс биылғы жылдың қаңтарында орын алған. Сотталған азамат Соколов пен оның туысы Проказов бірге ішімдік ішкен. Кейін, екі ер адамның арасында келіспеушілік туындапты. Яғни, Соколов туысын ұялы телефонымды ұрлап кеттің, оны қайтаруың керек деп талап қояды. Кейін, сотталған азамат қолына пышақ алып, туысының жүрек тұсынан сұғып алады. Он минут өткеннен кейін, Проказов қайтыс болған. Сот процесі барысында сотталған Соколовтың ертеректе, адам өлтіргені үшін істі болғаны анықталыпты. Ол өткен жылдың қазанында уақытынан бұрын бостандыққа шыққан. Алайда, қылмыскер араға 2 жыл алты ай салып, қылмысын қайталап отыр. Соколов болса, өзінің кінәсін жартылай мойындады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.