Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түрме өнімдері

c 17:54, 22/08/2019 c 598

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы көрме залында ерекше көрме өтуде. Ерекшелігі сол бұл жолы көрмеге түрмедегі сотталғандар қолынан шыққан бұйымдар қойылған. Арнайы жұмыс киімдері мен көрпе-төсеніштер, ағаш бұйымдары мен жұмсақ жиһаздар келушілердің көңілінен шығып, жиналғандардың жоғары бағасына ие болды. Түзету мекемесі басшылары көпшілікті осындай бұйымдармен қызықтыру арқылы бизнесмендер назарын өздеріне аударып, абақты аумағында шеберхана ашуға шақырып, сол арқылы бас бостандығынан айырылғандарды жаппай жұмыспен қамту. Қазір түзету мекемелерінің аумағында бірнеше шеберханалар бар. Сол арқылы сотталғандар табыс тауып, жаңа мамандыққа машықтанады. Олардың қолдарынан шыққан түрлі бұйымдар бүгінде көпшіліктің сұранысына ие. Қазіргі таңда сотталғандардың 70 пайызы жұмыспен қамтылған. Келешекте олардың қатарын көбейту үшін көрме ұйымдастырып отыр. Көрмеге 8 кәсіпорында жасалған бұйымдар ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша шеберлердің қолынан шыққан өнімдерге келушілердің қызығушылығы басым. «Бостандығынан айырса да, шеберліктен айырма» деп аталатын көрме 10 күнге созылады. Көрменің таңертеңгі 10- нан кешкі 5-ке дейін келушілеріне есігі ашық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.