Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТУРИЗМ ҚАШАН ДАМИДЫ?

c 22:13, 28/02/2022 c 421

0:00 / 0:00

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елдегі туризмді дамытуды қолға аламыз деп отыр. Министр туристік имиджді халықаралық деңгейде қалпына келтіруді көздеуде. Бүгін Парламент мәжілісінде өткен туризмді дамыту мәселелері жөніндегі үкімет сағатында Абаев өз жоспарларымен бөлісті.

Қазақстанда туризмді дамыту мәселесі тәуелсіздіктің 30 жылында әлі де бір жолға қойылмай келеді. Туризмді дамыту үшін тарихи жерлер, тылсым табиғатымен таң қалдыратын аймақтар көп. Алайда, оны көзбен көріп, тамашалап, шипалы суына шомылуды көздейтін туристерге жол азабы кедергі. Себебі, бізде инфрақұрылым дамымаған. Жол салып, ұшақ ұшырып бастағанымен, туристерге қызмет көрсету сапасы сын көтермейді, бағасы айқайлап тұр. Қазақстандықтар сапа мен бағасына қарап, шетелде демалған әлдеқайда разан дегенді жиі айтады. Енді мәдениет саласын басқаруды қолына алған жаңа министр Дәурен Абаев биыл еліміздің туристік имиджін халықаралық деңгейде қалпына келтіру жұмысын бастаймыз деп отыр. Бұл алдағы үш жылда туризм саласында 60 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Министрдің айтуынша, туризмді дамыту үшін бизнестің инвестициялық белсенділігін арттыру қажет.

Абаев қазір 10 өңірде жалпы сомасы 395,5 млрд теңге болатын 276 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 5 200 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, инвестициясының жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын 145 жобаны жүзеге асыру жалғасып жатыр дейді. Пандемия кезінде шет елге шыға алмаған қазақстандықтар ішкі туризмді тамашалаған еді. Соның ішінде Алакөл көліне барушылар саны артты. Алайда, бұл жерге жету үшін жолдың азабын көресің. Енді министр Алакөл көлінің оңтүстік бөлігіндегі жағалауды бекіту жұмыстарына, туристік маусымға дейін аяқталуы жоспарланған Үшарал және Үржар әуежайларын қалпына келтіру жұмыстарына да қаржы бөлінді деп отыр. Сондай-ақ, жолдар жөнделіп, туристерге қажеттінің бәрі қамтылады деп сендіреді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.