Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туристер саны артуда

c 17:32, 05/08/2019 c 564

0:00 / 0:00

Бүгін қаладағы теміржол вокзалында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «TorusMaps» интерьактивті 3D картасы таныстырылды. Аталмыш Қазақстанның картасы өңіріміздің киелі жерлерінің туристік әлеуетін, шаһардың қонақжайлылығын арттырып, қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын оятары сөзсіз.

Жоба БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының тапсырысымен жасалған. Оның құны 1 млн. 800 мың теңгені құрайды. Мұнда өңірдің жеті киелі жері толықтай цифрландырылып, бес элементке қатынау мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда мәліметтерді, фотогаллереялар, графикалық бейнематериалдарды, виртуалды, 360 градустық панорамалық турларды және 3D форматында жәдігерлер немесе ескерткіштерді шолып қарауға болады. Өңірімізге келген туристер демалыс орындарын, киелі жерлерді, әлеуметтік маңызы бар нысандарды оңай табуы үшін толықтай цифрлық форматта іздеу жүйесі жасақталған.Күні бүгінде туристердің өңірімізге келуі 18 пайызға артып отыр. Осы бағытта туристерді нақты ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында аталмыш электронды панельдің маңызы өте зор. Электронды панельде облыстық киелі жерлері мен туристерге қажетті ақпарлар толық бар. Мәселен, мейрамханалар мен қонақүйлер оларға қатынау маршруттары туралы мәліметтер де табуға болады. Айта кету керек, алдағы уақытта дәл осындай «TorusMaps» интерьактивті 3D картасы қаладағы «Сити центр» сауда орталығы мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына орнатылмақ. Бұл еліміз бойынша қолға алынған алғашқы жоба.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.