Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғынжай мәселесі

c 16:53, 14/07/2020 c 444

0:00 / 0:00

Шатыры ортасына түскен апатты үй тұрғындардың тұрғынжай мәселесі әлі біржақты болған жоқ деп шағымдануда. 2019 жылдың ақпанының 8 жұлдызында таңғы сағат 5-те қалың қарды көтере алмаған  Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы үйдің шатыры тұрғындар ұйқыда жатқан уақытта құлап, оларға қауіп төндірген болатын. Арада жыл жарым уақыт өтседе мәселе сол күйі қалды дейді апатты үй иелері.Қайрат Әйтімов қираған баспанада 10 жылдан астам уақыт тұрдым десе,  Вера Сапункова 23 жыл аталған баспананның иесі екенін айтады.  Жыл жарым уақыттан бері қираған үй тұрғындары ескі  баспаналарының орнына бой көтеруі тиіс тұрғынжайдың құрылысы сағызша созылып кетті дейді. Мемлекет ұсынған үйді паналап жүргендер алдағы уақытта айдалада қаламыз ба деп қорқатындарын жасырмады.Мұхит көшесі, 124/2 мекенжайындағы апатты үйде 13 отбасы тұрды. Олар қауіпсіз мемлекет ұсынған жалдамалы пәтерге көшірілді. Жатаған үйдің салынғанына 40 жылдан асқан. Бұл орында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаз түсісімен жаңа үй салу жоспарланған еді. Яғни өткен жылдың жаз айларында 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланған.  Сала мамандарының айтуынша аталған мекенжайдың жанында қылмыстық атқару жүйесі департаменті мекемесі болуы себепті құрылыс кідіріспен басталмақ.  Яғни тұрғындар қауіпсіздігі басты назарда дейді шенеуініктер.–  Жер кодексінің аймақтар мен жерлерді пайдалану режимі бойынша БҚО қылмыстық атқару жүйесі департементінен арнайы көппәтерлді баспана тұрғызуға рұқсат қағазын алуымыз керек. Бұл жұмыс көп ұзамай шешілуі тиіс. Басты кедергі еліміздегі ахуалға байланысты болып отыр. Тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ дейді,Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімнің  басшысы Жандос Дүйсенғалиев. Құрылысқа жауапты мердігер компания жер мәселесін қалалық әкімдік шешкен бойда су жаңа тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз дейді. Шамамен жаңа көп қабатты баспана 2 жыл ішінде тұрғызылатын болады. Оралда барлығы 41 апатты үй бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.