Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындардың шағымы

c 14:15, 02/10/2019 c 580

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Гагарин көшесі 38 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің тұрғындары орнатылып жатқан қоршауларға көңілдері толмай отыр. Ол қоршауларды үйдің қасында орналасқан базар орнатуда. Сауда-саттық нысаны қоршауларымыз заңды орнатылуда,- дейді.

Бұл- Гагарин 38 мекенжайында орналасқан тұрғын үй. Аталмыш баспананың тұрғындарын терезенің алдында жаңадан орнатылып жатқан қоршау алаңдатып отыр. Қоршауды үйдің қасында орналасқан базар орнатуда. Тұрғындар сауда-саттық нысаны біздерге ештеңені ескертпей, рұқсат алған жоқ,- дейді. Сонымен қатар тұрғындар енді бұл қоршаудың кесірінен не жедел жәрдем көлігі не өрт сөндіруші машина келе алмайды деп алаңдайды.

Биыл жазда аталмыш нысанның иелері үйдің қасында орналасқан 6 соток жерді сатып алыпты. Сауда-саттық нысанының өкілдері қоршауларды заңды орнатып жатырмыз,- дейді. Олар құрылысты заңға сәйкес орындап жатқандығын және келер 3-4 жылда замануи ғимаратты салып беретіндігін алға тартып отыр.

Тұрғындарды толғандырып отырған қоршаулардың арақашықтығы туралы қалалық әкімдікке қарасты жер қатынастары бөлімінің мамандарына хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрап білген едік. Сала мамандары тұрғын үй мен орнатылатын қоршаудың арасында 3 метрдей арақашықтық сақталуы тиіс,- дейді.

Сауда нысаны заңнамада көрсетілген талаптардың баршасын орындауы шарт. Егер тұрғындар құзырлы мекемеге арыз-шағым түсірсе, бизнес субьектісінің қоршауды орнатудағы жұмысы тексеріледі. Нәтижесінде қателіктер анықталса, заңнамаға сәйкес бизнес субектісі жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.