Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындардың базынасы

c 18:01, 24/06/2019 c 1133

0:00 / 0:00

Орал қаласы Мөңкеұлы 101 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары екі жылдан бері кәріз жүйесіндегі ақаудан зардап шегіп отыр. Аталмыш баспана 2017 жылы қолдануға берілді. Тұрғындар қолқаны алатын иіспен өмір сүру мүмкін емес,-дейді. Кәріз жүйесіндегі құбыр көпқабатты ғимараттың техникалық этажында орналасқан екен. Сондықтан, жағымсыз иіс пәтерлерге таралуда.

Мөңкеұлы 101 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары екі жылдан бері жағымсыз иістен зардап шегіп отыр. Аталмыш көп қабатты үй 2017 жылы қолданысқа берілген еді. Жақында қоныс тойын тойлаған бұқара халықтың бүгінде мазасы кеткен. Тұрғындар бұның баршасы технинкалық этажда орналасқан кәріз жүйесінің құбырынан деп отыр.

Күрделі мәселені тізбектеген пиктің төрайымы кәріз жүйесінің техникалық этажда орналасу проблемасын өткен жылы ұйымдастырылған үлкен жиналыста көтергендіктерін айтады. Мердігер компания барлығын жасап береміз деп, тіпті, тиісті құбырларды өлшеп пішіп кеткен. Алайда, бір жыл уақыт өтсе де мәселе өз шешімін таппай келеді. Бұдан өзге баспанасын несиеге алған тұрғындардың ыстық суға көңілдері толмай отыр. Жоғары қабаттағы азаматтар қан жылым суды ғана тұтынып, жуынып- майынуы үшін суды қайнатуға мәжбүр.

Пиктің төрайымы ыстық судың мәселесіне байланысты "Жайық жылу қуатқа" арнайы хат жазғандықтарын айтады.

Бұдан өзге тұрғындарды жарық терезелер мен үйді алғаннан бері жұмыс жасамаған есептегіш құрылғылары алаңдатып отыр. Аталмыш баспананы салған мердігер компания өкілдері техникалық этажда орналасқан құбырды шатырға шілдеге дейін орнатамыз деп деп отыр. Тұрғындардың тізбектеген олқылықтарын шешеміз,- дейді.

Көптен армандап, бірнеше жыл бойы бала-шағасының ауызынан жырып, қаржы жинап, енді жылдар бойы несиенің қамытын киген тұрғындар техникалық этаждағы кәріз жүйесінен балаларымыз сырқатқа шалдықпаса жақсы,- дейді. Ал, мердігер компанияның өкілдері орын алған олқылықтардың баршасын түзетеміз деп отыр. Жұмыстың қалай орындалатындығын уақыттың еншісіне қалдырайық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.