Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар жол салуды талап етті

c 18:04, 24/05/2021 c 466

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жүк көліктерінің шаңына көмілген тұрғындар ашуға мініп, жолды жауып тастады. Олар ауыл іргесінен құм өндіретін карьердің жұмысына наразы. Ал жергілікті әкімдік облыс орталығын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін өндіріс орнын жауып тастай алмайтынын айтады. Жаз бойы көк ала шаңнан көз ашпайтын тұрғындардың жанайқайын тілшіміз жеткізеді.Жайық ауылында барлығы 500 дей түтін бар. Құрылыс жұмыстары қызатын жаз маусымы басталысымен қара күзге дейін ауылдықтардың мазасы қашады. Ауыр техникалар жүріп өткеннен кейін көтерілетін шаң-тозаң ауылды түгел басып, тұманға айналады. Шарасыздан Жайықтықтар балаларын жаз бойы үйлерінде қамап ұстауға мәжбүр. Өйткені айналаны шаң басқанда адам түгілі жақын келіп қалған көлік көзге көрінбейтін көрінеді. Сол себепті балаларын көлік қағып кетеме де қорқады олар. Мәселені өз беттерінше шешпек болған ауылдықтар алдымен ауыл іргесінен жүк көлігінің өтуіне тыйым салатын жол белгісін орнатқан. Алайда белгіні бәз біреулер алып тастапты. Шарасы таусылған тұрғындар кімнен көмек сұрарға білмей дал. Жергілікті биліктен де қайран болмай тұр.Ауыл әкімі орынбасарының айтуынша, келер жылы ауылдың ішкі көшелеріне асфальт төселіп, карьерге дейін тас жол салынады. Ол үшін республикалық бюджеттен бір миллиард теңге қарастырылған. Шенеунік "халықты қажытқан мәселе сол кезде шешіледі" -деп сендірді. Ал оған дейін ауылдықтардың шаң-тозамен тыныстай тұруларына тура келмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.