Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар талабы

c 17:46, 27/02/2020 c 413

0:00 / 0:00

Орал қаласы Назарбаев даңғылы 67/1 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары қолқаны қабатын иістің кесірінен зардап шегіп отыр. Аталмыш баспананың жертөлесі суға толы. Тұрғындар жағымсыз иістің салдарынан үйімізде тұрудан қалдық,-дейді.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары бой түзеген үйдің тұрғындарынан маза кеткен. Үш қабатты баспананың жертөлесі қысы-жазы суға толып тұрады. Тұрғындар құзырлы мамандарға хабарласып қана суды сорғызады. Бірақ орталық кәріз жүйесі болмағандықтан, үйдің құдығы мен жертөлесі аз уақыттың ішінде суға толып қалады. Тұрғындар он шақты жылдан бері осы проблемамен арпалысып келеді. Бүгінде қолқаны қабатын иістің кесірінен 24 пәтерлік тұрғын үйдің 18-інде ғана тұрғындар жан бағып отыр. Жағымсыз иістен мезі болған пәтер иелері орталықтандырылған кәріз жүйесін жасап беруді сұрайды. Қыруар қаржы тұратын құрылысты жасауға қауқарымыз келмейді. Не болмаса үйімізді апатты деп танысын,-дейді тұрғындар.

Сала мамандары тұрғындардың базынасына былай деп жауап берді.

Заңнама бойынша тұрғындар орталықтандырылған кәріз жүйесін өз қаржысын жұмсап, жасақтауы керек екен. Атқарушы биліктің өкілдері аталмыш үйлерін тұрғын модернизациясы арқылы жөндеуге алатындығын айтады. Бірақ, үй иелері құжаттары дұрыс тіркелмегендіктен, аталмыш бағдарламаға қатыса алмайтын болып шықты. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысу үшін пәтер иелерінің басым көпшілігі аталмыш бастаманы қолдаулары шарт.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мамандары үйдің кондоминиумы дұрыс тіркелгендігін, құжаттардың дұрыс рәсімделгенін алға тартады.

Жертөлесі суға толы тұрғындар 109 нөміріне хабарласып, жертөледегі суын сорғызу үшін көмек сұрай алады. Материалды эфирге дайындаған кезде, Назарбаев даңғылы 67/1 мекен-жайының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін құжаттарын тапсырып, қазіргі таңда олар нәтижесін күтіп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.