Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар өз есептерінен жол салуда

c 16:44, 30/06/2021 c 427

0:00 / 0:00

БҚО Бәйтерек ауданы, Трекин ауылдық округіне қарасты Володарка елдімекенінің тұрғындары ауылға кіреберіс жолды өз қаражаттары есебінен жөндеуге кіріскен. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап кетті. Оған шенеуніктердің көзқарастары қандай? Облыс орталығынан не бары 20 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ауылға кіреберіс жол өткен ғасырдың 80-шы жылдары салыныпты. Арада 40 жылдан аса уақыт өтсе де тас жолдарға тіпті ағымдағы жөндеу жүргізілмеген. Бірнеше мәрте әкімдікке жол жайін айтып кірген тұрғындардың мәселесі жабулы күйде қалған. Осы орайда көпшілік хал-қадірлерінше қаражат жинап, ауылға кірер тас жолдардағы шұңқырларды бітеп бастаған. Олардың бұл бастамасы түсірілген бейнежазба осыдан үш күн бұрын әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Ауылда екі мыңға жуық халық тұрады. Жергілікті билік Бәйтерек ауданынына қарасты елдімекендердің барлығының кіреберіс жолдары жөндеуді талап етеді дейді. "Володарлықтардың бұл бастамасы өзгелерге үлгі болуы тиіс",- дейді шенеуініктер. Ал ауылға кірер 2 шақырым жолдың жөндеу жұмыстары шамамен екі жылдан соң қолға алынбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.