Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар игілігі үшін

c 14:45, 11/08/2020 c 420

0:00 / 0:00

Зашаған кентіндегі 25-Чапаев дивизиясы көшесіндегі 3-үй ауласынан заманауи үлгідегі жаңа алаң салынды. Мұнда кіші жастағыларға арналған ойын жабдықтары, ересектер үшін жаттығу құрылымдары мен спорттық алаң бар. Алдағы міндет - осы нысанның бүлінуіне жол бермей, күтіп-ұстау. Осы мақсатта алаң құрылысын жүргізген мердігер компания, «Орал» спорт клубы, «Геолог» ПИК және аталмыш мекенжай тұрғындары тарапынан қол қойылған төрт жақты меморандум жасалды.Алаңның құрылысына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 29 млн. 800 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізді. Компания мамандарының айтуынша, нысанды салуға бір ай уақыт жұмсалыпты. Әр жастағы балалардың ойнап, жаттығуы үшін қойылған құрылымдардың барлығы - отандық өнім. Жасанды көгал төселген 450 шаршы метрлік спорт алаңы жазда футбол ойыны үшін пайдаланылса, қыста хоккей кортына айналмақ. Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша шатыры мен жертөлесі жөндеуден өтіп жатқан тұрғынжайдағы құрылыс жұмыстары аяқтала келген. Бұл бағдарлама бастау алған 2011 жылдан бері 1 млд 235 млн теңге 110 үйдің шатыры мен жертөлесі жөнделсе, оның 18-нде жедел саты жаңартылған. Ал биыл 17 үй жаңғыртылу жоспары бар.
Алаңға қоса жоба аясында тұрғын үй ауласы асфальтталып, өрнектастар салынған. 10 жарық шам бағаны мен үш бейне бақылау камерасы орнатылған. Мекенжайдағы үйде 60 шақты отбасы тұрады. Тұрғындардың барлығы да белсенді. Олар қойылған құрылымдарды күтіп-ұстауға және ауланы одан әрі гүлдендіріп, абаттандыруға өздері атсалысатындарын жеткізді.
Айта кетейік, аталған нысан пайдалануға беріліп үлгермей-ақ балаларға арналған әткеншектің үзіліп үлгергені анықталып, мердігерлердің қайта жасауына тура келген. Бұл жасалған істің сапасыздығынан емес, ересектердің тарапынан болған вандализм екені бейнебақылау жүйесіне жазылып қалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.