Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар базынасы

c 17:11, 09/09/2020 c 559

0:00 / 0:00

Ет комбинаты ауданында орналасқан Луговой және Николай Видяшев көшелерінің тұрғындары көшені жарықтандырып, жол салып беруді сұрайды. Көшенің тұрғындары қырық жылдан бері жолдың кесірінен көрмеген қорлығымыз қалмады деп налиды. Олар көктем мен күзде балшықтан, ал жазда шаңнан көз ашпайтынын айтады.

Облыс орталығының тас жол төселмеген көшелерінде өмір сүретін тұрғындардың базынасы секілді Ет комбинатының Луговой мен Видяшев көшелерінің тұрғындары жол мен жарықтың жоқтығын айтып, налиды. Осы көшелерде 40 жылдан бері өмір сүріп жатқан тұрғындар тақтайдан жол Кеңес үкіметінен бері жоқ екенін айтады. Бұл олқылық тәуелсіздік алғаннан кейін де түзелмепті. Тұрғындар көктем мен күзде тізеден келетін балшық пен суды кешіп өмір сүруден шаршағандарын айтады.

Балшық пен суды кешіп, сабаққа баратын оқушылар мектепке барып-келудің өзі мұң екенін жеткізді. Олар мектепке жету үшін ұзын қоныш резеңке етік киюі қажет.

Тұрғындар көшенің жарықтандырылуына да шағымданып отыр. Ата-аналар қараңғы түскен кезде балалар үшін алаңдаймыз,- дейді. Ет комбинаты ауданының тұрғындарының базынасын қалалық ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігінің мамандарына жолдаған едік. Мамандар қос көшеге жол салу жұмыстары 2020-2021 жылдары жоспарланбағанын кесіп айтты. Ең әуелі тас жол төсеу үшін жобалық сметалық құжат дайындалу қажет.

Жарық мәселесіне келсек, жауаптылар ескі шамдарды бұрын жарық болмаған көшелерге орнататынын мәлімдеді. Қос көшеге 30 шақты жарық бағанасы қойылады деп көзделуде. Сала мамандары әкімдік жоспарын енгізуде ет комбинаты аудандарын ұмыт қалдырмауы үшін тұрғындар қол жинап, атқарушы биліктің атына хат жолдап, проблемалары туралы еске салуы керегін жасырмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.