Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғын үй сертификаттарын алу үшін өтініш қабылданады

c 15:22, 27/01/2022 c 1449

0:00 / 0:00

Орал қаласында 1-ақпаннан бастап тұрғын үй сертификаттары берілмек. Сертификат үшін 150 млн. теңгедей қаражат бөлінген. Сала мамандары бұл сертификат баспана кезегінде тұрған 3 категория мен білім беру, медицина, құқық қорғау мен мәдениет саласында жұмыс жасайтын жандарға табысталатын айтады.

Тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы, толық емес отбасы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған азаматтар мен қоғамға қажетті маман иелеріне тұрғын үй сертификаты берілмек. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 150 млн. теңгедей қаражат бөлініп отыр. Тұрғын үй сертификаты қажет деп өтініш берген азаматқа 1 жарым млн. теңгеге дейін қаржы аударылады.

Сала мамандары тұрғын үй сертификатына өтініш берген азаматтың табысы оның жанұясының күн көрісіне бөлініп, есептеледі дейді. Сол кезде табыс жан басына шаққанда 111655 теңгеден аспауы шарт.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй алуға арналған сертификаттар 2020 жылдан бастап беріле бастады. Өткен жылы 45 азамат осы демеу қаржыға ие болған. Былтыр 1 млн. теңгеге дейінгі сомада сертификаттар табысталыпты. Демеу қаржыға ие болған жандардың басым көпшілігі "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылар.

Сурет https://osken-onir.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.