Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ

c 22:57, 22/08/2023 c 51

0:00 / 0:00

Мұрат Мөңкеұлы көшесі, 91/3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйге тапсырыс беруші - Орал қаласының құрылыс бөлімі. Баспана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында банк салымшыларына арналып салыныпты. Қазір бұл үйді 72 отбасы паналап отыр. Ай сайын еңбекақыдан жырып, несие төлеп отырған тұрғындар құрылыстың сапасыз жүргізілгеніне наразы. «Қолданысқа тапсырылғанына жыл өтсе де, коммуналдық мәселеге бас қатырып жатқан мердігер жоқ» деп ашынады олар.

МИРА ЕСКЕНДІРОВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ХАЛИЛА ҚАРЖАУОВА

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Оспанның айтуынша, тұрғындар шағымының негізінде құрылыс бөлімінің мамандары көпқабатты тұрғын үйдің мәселесімен танысқан. Комиссиялық тексеріс нәтижесінде мердігер мекеме олқылықты жоятын болады. Сондай-ақ шатыр мен жертөле мәселесі де оң шешіледі. Өйткені құрылыс компаниясының кепілдеме мерзімі үш жылға дейін.

ДАНИЯР ОСПАН

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ

Данияр Ғибратұлының айтуынша, балалар ойын алаңын салу, аулаға орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату сынды жұмыстар өзге мердігер мекемеге жүктеліпті. Жыл соңына дейін М.Мөңкеұлы көшесі 91/3 үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға жағдай жасалмақ. Өткен жылы баспана маңындағы жолға асфальтты бетон жабындысы төселген.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.